Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2017

Астанада «Kazakhstan Security Systems»  атты халықаралық көрме өтті

388 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанада «Көрме» көрме орталығында ҚР ҰҚК, ІІМ мен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми қолдауымен Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының патронатымен ұйымдастырылған «Террористік тұрғыда осал объектілерде террористік қатерге қарсы әрекет ету» атты республикалық конференциясы өтті.

Астанада «Kazakhstan Security Systems»  атты халықаралық көрме өтті

Конференцияның жұмысына ҚР Терроризмге қарсы орталығының Штаб бастығы Жанат Сайполдаев, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Руланбек Бекжігітов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Руслан Әдіқалықов, әлеуетті ведомстволарының өкілдері, аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық және қауіпті өндірістік объектілердің басшылары мен мамандары қатысты.

ҚР уәкілетті органдарының өкілдері мен сарапшылары терроризмге қарсы әрекет ету саласындағы нормативтік-құқықтық базасы бойынша баяндамалар оқылды, террористік тұрғыда осал объектілерде (ТОО) терроризмге қарсы қорғау жүйесінің талаптары, сондай-ақ стратегиялық және аса маңызды объектілерде киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері баяндалды. Алғаш рет кең қауымға «Экспо-2017» Халықаралық көрмесін қауіпсіз өткізуді қамтамасыз еткен кешенді қорғаныс жүйелері мен техникалық құралдары ұынылған болатын.

Республикалық конференцияның шеңберінде «Террористік тұрғыда осал объектілерді террористік қатерге қарсы қорғау технологиялары мен қамтамасыз ету құралдары» және «Ақпараттық қауіпсіздіктің қатері мен қамтамасыз етудің заманауи жүйелері» атты маманданған семинарлары мен екі тематикалық үстелдер өтті.

Дөңгелек үстелдің жұмысына ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, ҚР ҰҚК, «Қазақстанның интернет қауымдастықтарының», Kaspersky Lab және интернет-кеңістігінің жұмысымен байланысты басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты. Баяндамалардың тақырыптары мемлекеттік органдарының киберқатер эволюциясына, кибертерроризмге қарсы әрекет ету саласындағы жұмысына қатысты болды. «Киберқалқан» тұжырымдамасы және Қазақстандағы киберқауіптің статистикасы, ұлттық шабуылдардың ерекшеліктері және күрделі инфрақұрылымдарға шабуылдардың әлемдік тәжірибесі, нақты кейсті қарау түрінде ресейлік тәжірибеден және кибертеррористік шабуылдардан қорғау кезіндегі қарапайым қателіктері: сценарийлері, әдістері, тәсілдері мен қарсы әрекет етулері сияқты мәселелер жеке талқыланды.

Киберқауіпсіздік жөніндегі дөңгелек үстелмен қатар, объектілерді терроризмге қарсы қорғаудың замануы технологиялары мен қамтамасыз ету құралдары, VIP-персоналарды және мемлекеттік қызметшілерді қорғау жөнінде талқылау өтті.

Конференция Қазақстан және Орталық Азиядағы қауіпсіздік жөніндегі ірі маманданған  көрмесі Қауіпсіздік және азаматтық қорғаныс жөніндегі «Kazakhstan Security Systems» халықаралық көрмесімен бір алаңда өтті, онда әлемнің 12 елінен 80-нен астам компаниялары заманауи технологиялар мен әзірлемелер ұсынды.  

Көрмеде объектілерді инженерлік-техникалық тұрғысынан жабдықтау, шектеулер мен қоршаулар, бейнебақылау жүйелері, кіруді бақылау және басқару, дабыл қағу, хабарлау және байланыс, өртті анықтау және табу жүйелері мен құралдары көрсетілген болатын. Көрменің экспозициясында ақпараттық қауіпсіздік саласындағы алдыңғы қатарлы шешімдер, өнімдер мен қызмет көрсетулер ерекше орын алды.